«Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 11-1-4/328 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32095 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық келісімді жасасу, өзгерту, бұзу қағидаларында:
18-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Инвестициялық штабтың келісім жасасуды мақұлдау туралы оң шешімі болған кезде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін келісімдердің жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 73-бабына сәйкес қажетті құжаттар мен есептерді;
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздемейтін келісімдердің жобалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартудың болмауы туралы жазбаша негіздеме ұсынады.